Get Mystery Box with random crypto!

ЖЕККӨРУШІЛІКТЕН ГӨРІ КҮШТІ «Әке, оларды кешіре гөр! Олар не і | Рухани жаңару

ЖЕККӨРУШІЛІКТЕН ГӨРІ КҮШТІ

«Әке, оларды кешіре гөр!
Олар не істеп жатқандарын түсінбейді», — деді.
Лұқа 23:34


Шаронда есімді әйел қайғылы өлімінен жиырма төрт сағат өткен соң, оның ұлы Крис таңғажайып әсем сөздерді айтты: «Сүйіспеншілік жеккөруден күшті». Оның анасы және тағы сегіз адам сәрсенбіде Оңтүстік Каролина штатындағы Чарлстон қаласында Киелі Кітапты зерттеу кезінде өлтірілді. Осындай сөзжер жасөспірімнің жүрегінде дүниеге келуіне, не әсер етті екен? Крис Иса Мәсіхке сенеді, ал оның анасы «бәрін шын жүректен сүйетін».

Лұқа жазған ізгі хабарда біз екі зұлым мен жазықсыз Исаның өлім жазасына кесілгендердің арасында бірінші қатарда тұрмыз (Лұқа 23: 26-49). Үшеуі де айқышқа шегеленді (33-аят). Айқышта ілулі тұрған ыңылдаудың арасында Мәсіхтің сөздері естілді: «Әке! Оларды кешір, өйткені олар не істеп жатқандықтарын білмейді»(34 аят). Жек көретін діни қызметкерлер мен парызшылдардың қастандығы сүйіспеншілікті уағыздаушының айқышқа шегеленуіне әкелді. Бірақ өлімнің алдында да Иемізге деген сүйіспеншілік салтанат құра берді.

Сіз жек көрушіліктің, ұнатпаудың, ашуланудың немесе ашудың нысаны болдыңыз ба? Ауырсыну сізді дұға етуге талпындырсын. Мәсіхтің және Крис сияқты адамдардың үлгісі арқылы Киелі Рух сізге жеккөрушіліктен гөрі сүйіспеншілікті таңдауға көмектессін.

Сізге қашан біреуді сүю қиын болды?
Бүгінде сіздің жүрегіңізде, сізге кешіруге қиын реніш бар ма? Сіз қандай қадамдар жасай аласыз?

Көктегі Әке, маған кейде басқаларды кешіру қиын болатынын мойындаймын. Маған сүйіспеншілік жеккөрушіліктен күшті екенін көрсетуге көмектесші.

t.me/ruh_zhan