Get Mystery Box with random crypto!

Қымбатты бауырлар, сіздерге Құдайдың тыныштығы болсын! Короно | Рухани жаңару

Қымбатты бауырлар, сіздерге Құдайдың тыныштығы болсын!

Короновирус індетіне және оның салдарына байланысты жарты жыл болды. Біз көптеген сынақтар, азғырулар, қайғы-қасіреттер мен қуанышты сәттерді басымыздан кешірдік. Бұл біздің жеке сенімімізге, Құдайға және бір-бірімізге қызмет етуге, Онымен кездесуге дайындығымызға берілген үлкен сынақ болды. Бұл жағдай Құдайдың панасында Оның құдіретімен өмір сүру қаншалықты сенімді екеніне тағы да бір рет көзімізді жеткізді. Бүгінгі күнге дейін көп нәрсе өзгерді, алайда алаңдаушылығымыз әліде жетерлік. Сиынудың жаңартылған жаңа карточкасын ұсынамыз. 21:00-де дұға ету үшін Иеміздің рухымен бірігіп, үнемі дұға етуге шақырамыз.

Иемізге алғыс айтайық:
- «Құдайдың панасында тұрған адам, Құдіреттінің саясынан табады тыным» деген сөздеріне адалдығы үшін
- Сеніміміз сыналған сәттегі біздегі Оның игілігі үшін
- Карантин шараларын біршама босаңсытуы үшін
- Көптеген адамдарды Covid-19 вирусын жұқтырудан сақтағаны үшін және сауығып кеткендер үшін
- Осы айларда қайғы-қасіретке ұшырағандарды жұбатқаны үшін
- Құдай халқына рухани қамқорлығы, көмегі мен даналығы үшін
- Кейбір қауымдарда Құдай халқының материалдық қызметін жақсартқаны үшін және бауырлар мен апалы-сіңлілердің бір-біріне көрсеткен қамқорлықтары үшін

Иемізден сұраймыз:
- Карантиннің аяқталуы мен өмір сүру жағдайын тұрақтандыруын
- Президент пен Үкіметке ел билеуде даналық беруін
- Шектеу жағдайында барлық қызмет түрлерін даналықпен жүргізуге көмектесуін
- Барлық қызметке даналық, адалдық және батылдық сұраймыз
- Құдай халқын үмітсіздіктен, ашу-ызадан, күңкілден және жала жабудан сақталуын
- Карантин кезінде рухани салқындағандар өкініп, тәубеге келулеріне көмектесуін
- Оқшаулау кезінде де жанбағушылық қызметтің жалғасуын
- Әр мәсіхшінің Иемізбен жеке қарым-қатынасын нығайтуын
- Өскелең ұрпақты ерекше қамқорлыққа алу туралы
- Пандемия жағдайында Ізгі хабарды дамыту туралы
Интернет қызметін дамыту және оларды рухани пайдалану туралы
- Иемізбен кездесуге дайындық туралы

«...ал қауым ол үшін Құдайға қызу жалбарынып сиынумен болды» (Елш.12:5).