Get Mystery Box with random crypto!

​​ Міне қызық! - Торғай ас үшін де, күнәнің құны үшін де с | Рухани жаңару

​​ Міне қызық!


- Торғай ас үшін де, күнәнің құны үшін де сатылымдағы ең арзан құс болатын. Адамның 45 минуттық жұмысының ақысына, олардың екеуін сатып алуға болатын. Грек термині көптеген ұсақ құстарды, оның ішінде қарапайым торғай (Passer domesticus biblicus) және қазіргі уақытқа дейін Израилде толып жүрген испандық торғайды да (Passer hispaniolensis) қамтуы мүмкін.

- Жаңа өсиеттегі кішкентай құстар, мамандардың айтуынша торғай болуы мүмкін дейді. Балалар тордың көмегімен торғайларды аулап сататын.


-Екі торғайды бір теңгеге сатпай ма? Дегенмен көктегі Әкелеріңнің еркінсіз бірде-бір торғай жерге құлап түспейді.Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да Оған белгілі! Сондықтан адамдардан қорықпаңдар: Құдай үшін сендер көптеген торғайлардан да әлдеқайда қымбатсыңдар! (Матай 10:29-31)

- Шыныменде осы кішкентай құс туралы Киелі кітапта жазылған. Егер еске түсірсек, Киелі кітаптық уақытта күнәнің құнын өтеу үшін жануарларды, бұқаларды және тағы басқаларын құрбандыққа әкелген. Ал егер отбасының ақшасы болмаса, онда кішкентай құсты құрбандыққа әкелуге болатын. Кейде торғайдың үшеуін сатып алғанда төртіншісін сыйлық ретінде қосып беретін. Тап ол құс түкке тұрғысыздай сияқты.

- Мысалы, олардың екеуі бір ассарионға (Матай 10:29), ал бесеуі екі ассарионға сатылған. (Лұқа 12:6)

- Сонымен қатар бұл құс адамның құнымен салыстырылады. Иса торғайды және Құдайдың оған қалай қамқор екенін салыстырған кезде, ол біздің физикалық қажеттіліктерімізді шешуді көбірек қамқорлайды. Сондықтан Иса осы құстардың еш біреуі Құдайдың қалауынсыз жерге түспейді деп баса айтты. Ал ары қарай, "адамдар осы құстардан әлде қайда бағалы" деп қосады. Осы құс туралы Матай 10 тарау 29 және 31 аяттарда жазылған.