Get Mystery Box with random crypto!

​Армян АЭС-сын ресейлік тараптың пайдалану мерзімін ұзарту бой | Росатом Центральная Азия

​Армян АЭС-сын ресейлік тараптың пайдалану мерзімін ұзарту бойынша жобаның жетекшісі Антон Зуевпен ("Росатом" мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін «Русатом сервис» АҚ компаниясы) сұхбаттан үзінді ұсынамыз.

– Зуев мырза, 2022 жылы Армян АЭС-нда қандай жұмыстар атқарылды?

– Бұл, ең алдымен, реактордың белсенді аймағындағы апаттық салқындату жүйесін модернизациялау жұмысы. Бұл жүйе АЭС-тің негізгі қауіпсіздік жүйелерінің бірі болып табылады, ол реактор арқылы айналатын судың жоғалуына байланысты кез келген төтенше жағдайлар кезінде ядролық отынды салқындату үшін жауап береді. Біз төмен қысымды белсенді аймақты апаттық салқындатудың жаңа жүйесін сәтті енгіздік. Бұл энергия блогының қауіпсіздік деңгейін Армения Республикасының ядролық қауіпсіздікті реттеу комитеті талап ететін деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Бұл модернизация тек тоқтатылған қондырғыда жүзеге асырылуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Біздің компанияның және біздің қосалқы мердігерлердің, сондай-ақ, әрине, Армения АЭС қызметкерлерінің бірлескен еңбегінің арқасында бұл күрделі жұмыс мерзімінен бұрын аяқталды. Энергоблок мерзімінен төрт күн бұрын іске қосылды және бұл Армения үшін қосымша электр энергиясын өндіруге мүмкіндік берді.

2022 жылға арналған тағы бір маңызды міндет - бұл қауіпсіздік үшін маңызды жүйелердің жабдықтары (мысалы, сенімді электрмен жабдықтау жүйелері) орналасқан бөлмелердегі желдету және ауаны баптау жүйелерін жаңарту. Бұның бәрі маңызды жабдықтың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті ішкі климаттық жағдайларды жасауға және сақтауға бағытталған.

– Армян АЭС-і қазір толықтай қауіпсіз бе?

– Армян АЭС-сін пайдалану мерзімі 2026 жылға дейін ұзартылды. Бұл шарттың мерзімін ұзарту үшін бірқатар шаралар кешенін аяқтау қажет болды. Ал ол 2015 жылы басталған болатын. Бұл үшін Армян АЭС-ның мамандары, ғылыми-зерттеу институттары, жобалау және конструкторлық ұйымдар, Армения мен Ресейдің монтаждау компаниялары, сондай-ақ атом электр станцияларына арналған жабдықтарды өндірушілер бар кәсіби мамандардың командасы жұмыс істеді. Осы жұмыстардың барлығы пайдаланушы ұйымға Арменияның Ядролық қауіпсіздікті реттеу комитетінен 2026 жылға дейін жұмыс істеуге лицензия алуға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде қауіпсіздіктің қажетті деңгейде қамтамасыз етілгенін тағы бір рет растайды.

– Станцияны пайдалану мерзімі 2026 жылға дейін ұзартылды. Мерзімді тағы бір мәрте ұзарту станцияны 2036 жылға дейін пайдалануға мүмкіндік береді деп күтілуде. 2023 жылы мерзімді қайта ұзарту аясында қандай жұмыстар жоспарланып жатыр?

– Біз шынымен де Арменияның АЭС-тегі, сондай-ақ Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігіндегі әріптестермен станцияның қызмет ету мерзімін ұзарту туралы жоспарларын талқылап жатырмыз. Өйткені екінші рет мерзім ұзарту бойынша атқарылатын жұмыстар да біршама ауқым. Сондықтан, біздің ойымызша, оларды мүмкіндігінше тезірек бастау керек, әйтпесе белгіленген мерзімде орындалмай қалу қаупі бар. Бірқатар жағдайларға байланысты жұмыстың басталуы кешіктіріліп жатыр, әзірше 2023 жылға шегерілді.

– Арменияда 2036 жылға дейін жаңа энергоблокты (былайша айтқанда жаңа атом электр станциясын) салу мүмкін бе және Росатом мұндай жобаға қатысуға дайын ба?

– Осы тұрғыда біз алдымызға мынадай міндет қойдық – жаңа АЭС іске қосылғанға дейін жұмыс істеп тұрған АЭС жұмысын қамтамасыз ету қажет. Бұл генерацияланатын қуатты алмастыру мен Арменияның және жалпы аймақтың энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан өте маңызды.

Жаңа блоктарды салу Арменияның энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін сақтау үшін стратегиялық маңызға ие екеніне сенімдімін. Тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету елдің дамуына ықпал етіп, Арменияның аймақтағы энергетикалық хабқа айналуына мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта жаңа атом электр станциясын салу жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі жасалуда. Алынған нәтижелер бойынша армян тарапы жобаның техникалық және экономикалық конфигурациясы бойынша шешім қабылдай алады.
#сұхбат