Get Mystery Box with random crypto!

Әлемдік атом-энергетикалық нарықта бірегей бизнес-моделі бар р | Росатом Центральная Азия

Әлемдік атом-энергетикалық нарықта бірегей бизнес-моделі бар ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясы өте танымал. Бұл компанияда үйренуге тұрарлық тәжірибе бар, деп жазады Оңтүстік Кореяның Electimes басылымы.

Росатом көбінесе АЭС салуға ниеті бар, бірақ қаржыландыру мәселесіне келгенде қиындықтарға тап болған елдермен жұмыс жасайды. Компания АЭС экспорттық стратегиясын пайдаланып, оның шеңберінде қаржыландыруды, технологияларды өткізуді және пакеттік ұсыныс форматында ПЯО-мен (пайдаланылған ядролық отынмен) жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

2010 жылы Түркияда «Аккую» атом электр станциясының жобасына кіріскенде Ресей құрылыс құнының 100% қаржыландыруды қамтамасыз етті және пайдаланылған ядролық отынды рекуперациялау мен қайта өңдеу қызметтерін ұсынды.

Осы саланың дереккөзінің айтуынша, түрік атом электр станциялары – бұл Ресейдің әлемдік АЭС нарығының 70% қалай иеленгенінің айқын көрсеткіші.
#жаңалықтар