Get Mystery Box with random crypto!

Әуелі өз үлесімді алайын!.. Үлкен бір жиында мəжілісте отырғ | Riwayat_kz

Әуелі өз үлесімді алайын!..

Үлкен бір жиында мəжілісте отырғандардың барлығы кезек-кезек сөз алып əңгіменің көрігін қыздырып отырады. Тек даналығымен танылған бір хакім үндемей отырады.

Мұны байқап қалғандардың бірі хакімге қарап:

"Бізбен бірге əңгіме айтып отырмайсыз ба?" деп қалады.

Хакім мүдірместен:

"Кісінің мəжілістен алар үлесі қүлағында, ал өзгеге тигізер үлесі тілінде болады. Сондықтан əуелі өз үлесімді алайын деп отырмын" деген екен.

Сөйлеуден гөрі тыңдайтын сəттеріміз көп болсын!



Бауыржан Алиұлы жазбаларынан...