Get Mystery Box with random crypto!

'Тұлпар' вагон жасау зауыты' ЖШС-де испандық 'Patentes Talgo' | ҚТЖ жаңалықтары

"Тұлпар" вагон жасау зауыты" ЖШС-де испандық "Patentes Talgo" компаниясының технологиясы бойынша жүрдек жолаушылар вагондарын шығару жобасының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Вагондарды құрастыруда қолданылатын барлық материалдар мен жинақтар еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Жобаның жергілікті құрам деңгейі 35% - тен астамды құрады. Бұл жобада зауыт алюминий шанақтарды дәнекерлеуден және оларды бояудан бастап, барлық жабдықтар мен жүріс бөлігін орнатудан бастап іске қосу-жөндеу жұмыстары мен сынақтар кешені аяқталғанға дейінгі вагондарды құрастырудың барлық кезеңдерін игерді.

Вагондардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл, конструкциялық жылдамдығы-200 км/сағ, ал сыртқы ауаның жұмыс температурасының диапазоны қыста -50 градусқа дейін, ал жазда +40 градусқа дейін.

Биылғы шілде айының ортасында берілген 31 вагоннан тұратын бірінші құрам Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында қатынауда. 31 вагоннан тұратын бұл құрам осы бағыт бойынша біраз жол жүріп, содан кейін Алматы – Павлодар бағытына қызмет көрсететін болады. Олар төмен платформаларға қол жеткізуге арналған көтергіштермен, жиналмалы үстелдермен, әрбір купеде температураны жеке реттейтін ауабаптау жүйесімен, себезгі қондырғысы бар санитарлық тораптармен жабдықталған.
____
В ТОО «Вагоностроительный завод «Тұлпар» состоялось торжественное мероприятие, посвященное завершению проекта производства скоростных пассажирских вагонов по технологии испанской компании «Patentes Talgo».

Все материалы и комплектующие, применяемые в сборке вагонов соответствуют европейским стандартам качества. Уровень локализации проекта составил более 35%. На данном проекте заводом освоены все этапы сборки вагонов, начиная со сварки алюминиевых кузовов и их окраски, установкой всего оборудования и ходовой части, до завершения комплекса пусконаладочных работ и испытаний.

Срок службы вагонов составляет – 40 лет, конструкционная скорость – 200 км/час, а диапазон рабочей температуры наружного воздуха зимой до -50 градусов, а летом до +40 градусов.

Первый состав из 31 вагонов, переданных в середине июля т.г., курсирует на маршруте Нур-Султан – Алматы. И этот состав из 31 вагонов пройдет обкатку по этому маршруту, а потом будет обслуживать маршрут Алматы – Павлодар. Они оснащены подъемниками для доступа на низкие платформы, складными столиками, системой кондиционирования воздуха с индивидуальной регулировкой температуры в каждом купе, санузлами с душевой установкой и др.

#ктж #railwayskz #ҚТЖ #ҚазақстанТемірЖолы #kazakhstan