Get Mystery Box with random crypto!

Айдол болу жолындағы 9 кезең . 1. Тыңдалымға дайындық Барлығы | 𝐊-𝐩𝐨𝐩 𝐰𝐨𝐫𝐥𝐝♡︎

Айдол болу жолындағы 9 кезең . 1. Тыңдалымға дайындық Барлығы дайындықтан басталады ! Үлкен бәсекелестікте көзге түсу оңай емес . Сондықтан тыңдалымда олар көзге түсу үшін көп дайындалады . Олар өздерінің көп уақыттарын үйде , академияда дайындыққа жұмсап , шеберлігін шыңдайды . 2. Тыңдалым Шеберліктерін шыңдап болған соң , тыңдалымдарды іздеуге кіріседі . Бір компаниядан екінші компанияға тыңдалымға барып , өз өнерін көрсетеді . 3. Келісім шарт Тыңдалым өткеннен кейін әдетте тағылымгерлермен 2-4 жылға келісім шартқа отырады . Бұл дебют аласың деген сөз емес . Тек сол компанияда айдол болуға үйреніп жүреді . 4. Қатаң дайындық Тағылымгерлер тынбай ән , би , тілдер үйреніп , актерлық шеберліктерін , жоғарғы деңгейге жеткізу үшін бір - бірімен бәсекеде жүреді . Бұл кезеңнен қатаң ережеге бағынатындар ғана өтіп , келісім шартқа отыра алады .
5. Мектептен кету Мектепте оқитындарға ( немесе мансабын қуып , мектептен кететіндерге ) , оқу күні 15 сағатқа дейін ғана болуы мүмкін , ал одан кейін дайындық түн ортасына дейін жалғасады . 6. Үй тапсырмасы Тағылымгерлерге үй тапсырмасына міндетті түрде жасалатын жаттығулар , диета , және тұрақты салмағын өлшеп тұруды тапсырады . Тағылымгерлер тіпті жүріп тұру , яғни тұрақты мінез - құлық , қарым - қатынас жосығы жақсарту үшін сабақтарға қатысады . 7. Өте аз мүмкіндік Қатаң дайындықтардан соң тағылымгерлердің тек 10 % -ы ғана шынында да дебют алады . Кейбіреулері жайдан жай беріле салады , ал кейбіреулеріне дайындық жетіспейді . 8. Дебют Ал міне қанша жыл дайындықтан кейін келген дебют . Бірақ бұл жеңістің басы ғана . Енді тағылымгерлерді бір топ немесе командаға жинағаннан кейін олардың мақсаттары басқа көптеген топтардын ерекшелену болады . Ал ерекшелену үшін үнемі дайындықта жүруі керек.
9. Танымалдылық Мықты топтар танымалдылыққа шомылады : жарнамалық келісім шарттар , фильмдер , әдемі үйлер .... Көптен күткен балалық арман орындалды !