Get Mystery Box with random crypto!

Тән Сана Жан Адам минусқа кірген кезде, жаны қатты ауырады ек | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Тән
Сана
Жан

Адам минусқа кірген кезде, жаны қатты ауырады екен. Ал ауырған жер істемей қалады. Мысалы, сіз аяғыңызды қайырып алсаңыз немесе қолыңызға бір жара шықса, сіз ол қолмен ештеңе істей алмай қаласыз ғой. Жарасы жазылғанша жарамсыз болып қалады. Жанымыз да сол секілді. Жараланған соң, жабылып қалады екен.

Мұндай кезде біз санамен, яғни мимен әрекет етіп бастаймыз. Ал біздің миымыз қай бір оңған ми дейсің, екі тал сызығымызбен өзімізше проблема шешіп кетеміз. Біз өзімізді өте ақылды деп санаймыз, бірақ шын мәнінде олай емес.

Бас істемесе, екі аяқтың соры дегендей, миымыз істемеген соң, уже денеге өтіп кетеді екенбіз. Араққа салынып, измена жасап, неше түрлі косяктарға кіріп, кредит төлеп жүреміз сосын. Проблемаларымыз физикалық денемізден көрініс табады екен.


Сіздерге түсінікті болып жатыр ма?