Get Mystery Box with random crypto!

«КҮЙЕУІМНІҢ КӨҢІЛІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒАМЫН?!» (әйелдерге арналған ма | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

«КҮЙЕУІМНІҢ КӨҢІЛІНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒАМЫН?!»
(әйелдерге арналған маңызды кеңестер)


Алла Тағала ерлі-зайыпты екі жасқа олардың отау көтерудегі мақсатын айқындап берген: «Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де – Оның белгілерінен» («Рум» сүресі, 21-аят). Яғни ер мен әйел үнемі «Алла берген сүйіспеншілік, мейірім-жанашырлықты қалай сақтап қаламыз?» және «Жарымның тыныштық, тыным табуы үшін не істей аламын?» деген сауалдарға жауап іздеп, тапқанын амалына асыра алғанда ғана отбасы баянды болмақ.

1. "ҰМЫТШАҚ" БОЛҒАН ЖАҚСЫ!
Сіз бір күнә жасасаңыз, дереу Алладан кешірім сұрайсыз. Сол секілді жарыңыздың кейбір ұсақ қате-кемшіліктеріне де «жарайды» деп қол сілтеуге, елеп-ескермей өткізіп жіберуге тура келеді. Сіз бір үлкен күнә жасасаңыз, арнайы тәубе намазын оқып, сол күнәңізді тастайсыз, өкінесіз, содан кейін қайталамайсыз. Дәл осылай, арада болған үлкен кикілжің, түсініспеушіліктерді біржола ұмытып, «тез қайтқыштық», «ұмытшақтық» қасиетіне орын беріп, жүрегіңізді өкпе-реніштен босатыңыз. Жарыңыздың одан кейінгі қарым-қатынастарына есік ашып беру керек болады. Бұл – өте қиын. Әйтсе де бұлай жасау сіздің қолыңыздан келеді!

2. "СЕН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КЕРЕМЕТ ЖАНСЫҢ!"
Жақсы сөз – садақа. Сіздің аузыңыздан шығатын бұл садақаға жан жарыңыздан артық лайық адам бар ма? Оның сізге жасаған қамқорлығы мен сүйіспеншілігіне орынды айтылған бір ауыз комплимент – екі есе керемет істермен қайтады. Мақтау, қолдау сөздерді естіген ер адам алға жылжиды. Ол одан да жақсысын жасауға талпынады. Сіз білесіз бе, асыл дініміз ер мен әйелге араларын жақындастыру мақсатында осындай әдістерге баруға рұқсат берген. Сол себепті әйел адам үнемі (олай болса да, болмаса да): «Сіз әлемдегі ең керемет күйеусіз!», «Әлемдегі барлық әйелдің күйеуі сіз сияқты болса, ешкім де бақытсыз болмас еді!», «Сіз Алланың маған берген ең үлкен бақытысыз!» деген секілді сөздерді айтып тұрғаны жақсы.

3. ОҒАН МЫНА ҮШЕУІН ДЕ ЖАСАП КӨРІҢІЗ!
Еркек үйдің отағасы, тіреуі бола тұра, күтімі жағынан келгенде үйдің үлкен баласы екенін ұмытпайық. Ол әйелінің анасы сияқты өзіне қамқорлық жасағанын, қарындасы сияқты өзін сыйлағанын және сүйген жар ретінде өзіне адал болғанын қалайды. Ендеше, оған керек кезде "ана", кейде "қарындас","сүйікті жар" бола біліңіз.

4. ЖАРЫҢЫЗДЫ МЫНА ӘДІСПЕН БАУРАЙ БІЛІҢІЗ!
«Қызда қылық болмаса, құр шырайдан не пайда?» деп Бұқар жырау айтқандай, ер адамды қылығыңызбен баурап үйреніңіз. Еркелете біліңіз, өзіңіз де еркелей біліңіз. Тек шектен шығып кетпеңіз. Ақылды ерке атаныңыз. Себебі, «әйел еркелесе – бәрін де жеңеді» Осыны ұмытпағынымыз дұрыс)

5. ТӘТТІ СӨЗДЕРДІ ДЕ ҚОЛДАНУЫҢЫЗҒА БОЛАДЫ!
Жолдасыңыз іссапармен не жұмыс бабымен сыртта жүргенде әсерлі сәттерді суретке түсіріп, оған жолдап отырыңыз. Сезіміңізді білдіретін тәтті сөздерді СМС арқылы жолдап, әлеуметтік желілерде түрлі жағымды смайликтерді пайдалануға болады. Бұл әдістерді жастар қауымы жиі пайдаланып жүрген болар, ал орта жастағы ерлі-зайыптылардың қатынасына серпіліс әкелетініне сенімдіміз.

6. МЫНА ӘДІС АРАДАҒЫ СЕЗІМНІҢ КҮШЕЮІНЕ СЕБЕП БОЛАДЫ!
Күйеуіңізге ыстық ванна дайындап, бөлмеңізді сәндеп, естен кетпес кештер ұйымдастырыңыз және оны өз қолыңызбен тамақтандырыңыз, массаж жасап беру секілді әрекеттердің өзі – арадағы сезімнің күшеюіне себеп болмақ. Әйелінің тізесін жастанып Құран оқыған еркектің бейнесі нендей керемет еді?! Ендеше, осы әдісті жасап тұруға тырысып көріңіздер.

7. БҰЛ – РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ӘРІ ЕҢ ӨТІМДІ ӘДІС!
Сезіммен сиқырлаудың тағы бір ұтымды әдісі бар. Ілгергі буынның ізгі ғалымдары: «Егер қайсыбір әйел күйеуі үшін күнде әтірленетін болса, ерінің көзінше әсем киініп, үнемі оның сүйікті тамағын дайындап, ол жоқ кезде дүние-мүлкіне сақ болатын болса, ол әйел күйеуін сиқырлап алады» деген. Бұл – рұқсат етілген әрі ең өтімді әдіс! «Өзіміз ғой, сыртқа шыққанда киінемін, үйде боянуға уақыт
жоқ» деу – үлкен ағаттық. Сіздің сұлулығыңызды көруге лайықты жалғыз жан тек жарыңыз екенін ұмытпаңыз!

P.S. Ақпарат желіден алынды.