Get Mystery Box with random crypto!

Баяғыда 3 бақа бақыт іздеп жолға шығыпты. Жолда бұларға шыбы | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Баяғыда 3 бақа бақыт іздеп жолға шығыпты.

Жолда бұларға шыбын-шіркей, жәндіктің бәрі қайда барасың сорлы бақа, қайт, ертең барыңнан айырылып өлесіңдер деп айқайлапты.

Жарты жолда, бір бақа райынан қайтып, үйіне оралыпты.
Екі бақаға да алда түрлі жәндік-жануар атаулы кездесіп, қайт-қайт деп шуылдасыпты. Айналасына жалтақтаған екінші бақа да, жолдан қайтыпты.

Айлар жүріп, түрлі қиындық пен қызықтарды көріп, бақытына жеткен бақаға, айналасындағылар таңданып, қалай жеттің деп сұраса, әлгі байғұстың құлағы естімейді екен...

Мен де сол:

- Осы жерден қайт, Құралай!
- Қайдағы Ханымсың, еріккен хотунсың.
- Қолыңнан келмейді!, - деген сөздерді кезінде естімей, саңырау бақа секілді, алға баса бергенім дұрыс болыпты...

Адамдардың аласымен де, құласымен де танысып, түрлі қызық-қызық оқиғалардың куәсі болып, аяғым жер планетасының бұрыш-бұрышын кезіп және көптеген қыз-келіншектің санасының трансформациялануының себепшісі болғаныма риза болып отырмын

Өмір ғажап қой, қыздар
Сүре білген адамға!
Қорықпаңыздаршы Құдай үшін!



Құралай ханым