Get Mystery Box with random crypto!

Адамдар көбіне мейірімсіз, қатал өзімшіл болады. Бәрібір кешір | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Адамдар көбіне мейірімсіз, қатал өзімшіл болады. Бәрібір кешірімді бол!

Сен қаншама мейiрiмдi, жақсы адам болсаң да, адамдар сені арам пиғылмен, өзіне қажет болған үшін жасап жүр деп айыптайды... Сонда да мейірбан, жақсы бола бер!

Егер де сен жетістікке жетiп, табысты болсаң, жалған достар мен нағыз шынайы жаулар табасың... Сонда да табыстан табысқа жетуге асық!


Өмір бақи еңбектенiп жасаған заттарың мен дүниеңдi, бiр түнде адамдар быт-шыт кылуы мүмкін... Сонда да еңбектеніп, жаңа дүние жасай бер!

Егер де сенің жаның тынышталып, жүрегін бақытқа толы болса, адамдар қызғануы мүмкін... Сонда да бақытты бола бiл!


Бүгінгі жасаған жақсылығыңды, адамдар ертең ұмытып кетеді. Сонда да жақсылық жасай беруден шаршама!

Шамаң жеткенiне қарай, қаншама өзіңдегi бар жақсыны елге шаша берсең де, бәрібір ол адамдарға аз болып тұрады. Сонда да барыңды бере бер!
Күндердің күнінде, сен, осы iстерiңнің барлығын, адамдар үшін емес, Аллаға ғана арнап жасап жүргеніңді түсiнесің...


МАТЬ ТЕРЕЗА