Get Mystery Box with random crypto!

40 күндік алғыс айту дұғасы ⠀ Мен өз ата-анама маған өмір сы | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

40 күндік алғыс айту дұғасы

Мен өз ата-анама маған өмір сыйлағаны үшін, алтын уақыттары, денсаулықтары мен бар күштерін мен үшін сарп еткені үшін алғыс айтамын.
Ата-анама маған берген қамқорлықтары, тәрбие мен төзімділіктері үшін алғыс білдіремін. Жамандығымды жасырып, жақсылығымды асырғандарыңыз үшін мың алғыс.

Ата-анама мына өмірден орын бергені үшін, онда өсіп-өнуіме мүмкіндік сыйлағаны үшін алғыс білдіремін.

Ата-бабама маған өмір сыйлағаны үшін, сол өмірдің бағдарламасын бергені үшін рахметімді айтамын. Менің өмірімде барлығы бар және осы жетеді. Ал қалғанын керек кезде бір Аллам береді.

Иә, Аллам, өзім жасаған және тегімде жиналған кедейлік пен жоқшылықтың энергиясынарылта гөр. Менің ұрпағымның өсуі үшін, тегімде байлық пен тоқшылық энергиясы көбейуін сұраймын.

Жаратушы ием, сенің күшіңмен және разылығыңмен барлық уайымымды, жаныма жақын жандар мен ата-бабамның уайым-қайғысынан тегімді тазарта гөр. Өз ойым мен әрекетім арқылы тегімді махаббат пен мейірімнің энергиясына толтырғым келеді.

Иә, Алла, менің тегімдегі әйел адамдарды махаббатсыздық, тапшылық, билікке талас және ер адамның орнын басу энергиясынан тазарта гөр! Ал тегімдегі ер адамдарды әйелдік қуатты басудан сақтай гөр!

Өз өмірімді, тегімдегі ерлер мен әйелдердің өмірлерін махаббат пен үйлесімділікке толтыра гөр!

Менің тегімнің барлық өкіліне мықты денсаулық, тоқшылық, байлық, жақсы өмір нәсіп ете гөр!

Ата-анам мен ата-бабамның тағдырындағы жағымсыз бағдарламалардың қайталануынан сақтай гөр!

Жер бетіндегі барлық адамның адал және саналы ғұмыр кешуін тілеймін!

Өзімнен шыққан мейірімнің энергиясын өзімнің және тегімнің жамандығының тазаруына, санамның кеңеюіне, қоршаған ортаның игілігіне бағыттаймын.

Бір Аллам жар бола гөр!

40 күн күнделікті таңда оқысаңыз, өміріңіз 180 градусқа өзгереді!

Құралай ханым