Get Mystery Box with random crypto!

«Отцы и дочери» (2015) Фильм жазушы және Пулитцер сыйлығының | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

«Отцы и дочери» (2015)

Фильм жазушы және Пулитцер сыйлығының лауреаты Джейк Дэвис пен оның қызы Кэттидің өмірі мен қарым-қатынасы туралы баяндайды. Кішкентай қыз Кэтти анасынан айырылып, барлық жауапкершілік Джейктің мойнына артылады. Джейк қызына анасын алмастырды, оны керемет қамқорлық пен сүйіспеншілікпен өсірді, әр минутын қызына арнады. Кэтти ол үшін өмірдің мәні болды. Қызы үшін Джейк барлық маңызды істерді, тіпті жазушылық қызметті кейінге қалдыруға дайын болды, өйткені ол лайықты тұлғаны тәрбиелей алатынына сенімді еді.

Джейк өз міндетін өте жақсы орындап жүр еді, бірақ бір күні ол ауыр сырқатқа шалдығады. Күн сайын өршіп бара жатқан ауру оны өзін-өзі бақылауынан айырады. Сондықтан Кэттиді жақын туыстарының қамқорлығына беріп, ем алу үшін ауруханаға жатады.

Кэттидің өмірі әрі қарай қалай жалғасатынын фильмнен көріңіздер