Get Mystery Box with random crypto!

«Сiз мұңаймайсыз ба? Ұрсыспайсыз ба? Мiнсiзсiз бе?» деген сынд | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

«Сiз мұңаймайсыз ба? Ұрсыспайсыз ба? Мiнсiзсiз бе?» деген сынды сұрақтар келеді

Мен адаммын! Барлық ужас сезiмдер бар менде. Бірақ мен мынандайларды

ауыстырып тастағанды жақсы көремін.

Мысалмен айтып берейін. Бiраз бұрын біздің заттарымызды бір пысықтар ұрлап кетті. Содан улап, шулап, бакырып милиция ағайларды шақырып, жылап, еңіреп арыз жазып отырғанмын. Ондай кезде үрей, қорқыныш, дiр-дiр етiп жоғалған дүниелерiмдi, көрген бiлгенiмдi айтып отырсам, есiктен: «Не болды? Куралай кайда?» -деп шошып, кiрiп келе жаткан достарымызға күйеуім: «Гражданка Шпак әне отыр дүниесiн түгендеп, магнитофон импортный, пиджак замшевый, два нет три... портсигар, золотой, отечественный... Все что нажито непосильным трудом» - дедi, ұлып отқан менi көрсетiп. Сөздерін естiп алып, тырқылдап күле берем, токтай алмаймын. Иван Васильевичтiң киносындагы Шпак көзiме елестеп, басында бiр зат деп айтқанымды, қызып кетiп, екеу болған кажется деп есеңгіреп отырғаныма ал күл. Милиционер маған қарап аң - таң. Мына тәте заттарын жоғалтып, есiнен танды ма деп ойлады ма, сiз кiшкене демалыныз, ағамен сөйлесейiн деп шығып кетті. Қорқынышым күлкіге ауысып узбагойтся етiп, шәйімді iшiп әп-әйбат болып қалдым. Кейінгі күндері сол оқиға туралы айта бастасам, күйеуім: «Ну и домик у нас! То обворовывают, то обзываются, а еще боремся за почетное звание дома высокой культуры быта» - деп, Шпактын акцентiмен, саусағын шошайтып, менi күлкіге айналдырады.

Менің өмірдегi ұстанымым осы.
Драмадан комедия жасау. Қатты көмектеседі.

Сіздерге де кеңес берем

Құралай ханым