Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЗАҚҚА ПСИХОЛОГ КЕРЕК ПЕ?! Шетелде почти әр адамның өз ко | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

ҚАЗАҚҚА ПСИХОЛОГ КЕРЕК ПЕ?!

Шетелде почти әр адамның өз коучы, өз психологы бар. Психологқа бару олар үшін норма. Ал бізде қалай???


Психология - жаныңды емдейтін ілім. Адамның төрт- ақ грамм жанына бала кезден бері неше түрлі жаралар түсіп, жараның көлемі үлкейе береді. Өсе келе ол жара іріңдеп, қанап, тіпті бір түртіп кетсең қатты сыздап ауырады.

Біраақ, өкінішке орай,біздің қоғамда жаныңның ауырғанын айтуға болмайды. Сыздауықтың бетін мықтылап жауып, емдемей қойсаң не болады??? Ол жазыла ма???

Жооқ. Қайта одан әрі асқынып, қаттырақ ауыратын болады.

Біздің жанымыз да сол сыздауық секілді. Оны емдемесек болмайды, қыздар.
Жаны ауырып тұрған адамның қасына адам жуымайды!
Күйеуім көңіл бөлмейді, сөйлеспейді дейсіңдер. Әрине. Себебі, сенің жаның ауырып тұр. Оны айналаңдағылар сезеді.

Жанның ауруы емделмесе, физикалық денеге өтеді. Ең соңғы кезеңі - онкология, сирек кездесетін аурулар.

Менің сабақтарым - жанның жарасын емдейтін емхана деп әрдайым айтып келемін. Себебі, қаншама қыз-келіншектер алғыс айтып, ұзын-сонар хат жазады.

Сондықтан да айтарым, бізге психолог керек! Себебі, біздің жанымыз сыздап тұр. Жанымыз шаршап кеткен, тозығы шыққан, әйтеуір құр денемізді сүйретіп жүрген пенделерміз! Сондықтан кеш болмай тұрғанда жаныңызды емдеп алыңыз

Жалғасы