Get Mystery Box with random crypto!

ӨМІРДІ БІРТАЛАЙ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ӘДІС Біздің өміріміз бағдаршам | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

ӨМІРДІ БІРТАЛАЙ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ӘДІС

Біздің өміріміз бағдаршам секілді.

Кейде бір басымызға қарыз, кредит, сатқындық, ауру секілді неше түрлі сынақтар келіп, бағдаршамымыздың қызыл түсі жанып тұрады.

Ал егер гүл-гүл жайнап, үй алып, бизнес жасап, бәрііі өзінен өзі болып жатса, демек сіздің бағдаршамыңыздың жасыл түсі жанып тұр деп түсініңіз.

Бұл техника «Бағдаршам» деп аталады.

Қалай қолданамыз?

Егер қазір сіздің өміріңізде қызыл свет жанып тұрса, сізге тоқтау керек. Жыртылып проблема шешіп, өзіңді Алланың орнына қоймай, просто остановись.
Кітап оқы, дұға жаса, намазға кел, бала-шағаңды тәрбиеле... Алла бәрін реттейді.
STOP деген режимді қос.

Ал егер өміріңде жасыл свет жанып, бәрі керемет, бәрі тамаша болса, онда просто кайфуй Саған қазір Алланың рақымы түсіп тұр. Қуан. Наслаждайся моментом.

Бұл өмір болған соң, қызыл да, сары да, жасыл да түстер жанады. Бірақ қызыл түс уақытша екенін біл. Сары жанғанда дайындалып, жасыл жанғанда газға басатыныңды біл. Қызыл түс жанып тұрғанда Аллаға жақындап, артық сөз, арзан күлкіден тыйыл. Шашыңды жұлып, страдать етудің қажеті жоқ.

Мен бұл техниканы өміріме осылай қолданамын.

Қалай, сіздерге түсінікті болды ма? Жаза отырыңыздар