Get Mystery Box with random crypto!

«РЕНІШТЕН АРЫЛУ» ТЕХНИКАСЫ Әдетте біз біреуге беріп, сол қа | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

«РЕНІШТЕН АРЫЛУ» ТЕХНИКАСЫ

Әдетте біз біреуге беріп, сол қайтпаса, күткеніміздей болмағанда реніш туындайды екен. Көбінде ақшамыз кеткенде қатты ренжиді екенбіз. Реніш - ол ауыр жүк, тіпті рак ауруына дейін алып келетінін ұмытпаңыз. Сіз ренжіп жүрген адам тіпті сіз ренжіп жүргеніңізді білмеуі де мүмкін. Бірақ біз өз алдымызға ойша ренжіп қиналып жүреді екенбіз. Солай жүрмес үшін, әр ренжіткен адамды өзімізден сатып аламыз. Мысалы, сізді кім ренжітті сол адамға ақылы ақшалай бірдеңе жасайсыз. Оған барып алып ақша беру я барып кешірім сұрау емес. Оны жасау бізге қиын, олай жасайтын болсақ әлдеқашан солай жасап алатын едік қой... Кешірім деген басқа да, іштегі реніш тұру басқа. Толық босатып түсінгенде, кешірім келеді. Іштегі реніш кетпегенше біз оны кешіре алмаймыз. Сондықтан біз миымызбен ойнаймыз.

Сол өкпені өзімізден ақшамен сатып аламыз. Түсіну қиын, мен былай түсіндірейін. Мысалы, енеңіз я абысыныңыз бір сөз айтты, жылдар бойы сізге моральды қиындық әкеле жатыр. Сол адамды ойлап отырасыз да, сол адамдағы өкпені өзіңізден сатып аласыз.

Ол үшін не істейміз?

1000-2000 теңгеге ағаш сатып алып отырғызасыз. Мектеп жаныма, үй жаныма қарайсыз. Отырғызып жатып, ішімдегі өкпе осымен кетсін деген оймен өзіңіздің ойыңыздан алып тастайсыз. Немесе көршіңіз кәрі жалғызбасты ана болса, сол кісіге тамақ апарып бересіз. Өзіңізден ақшаны алып, басқа адамға садақа ретінде бересіз. Бұл бірінші ренжіген адамыңызға, ретімен екінші ренжіген адамыңызға деген өкпені өзіңізден алып тастауға көмек береді. Егер тіпті ақшаңыз болмаса, физикалық күшіңізбен мысалы подъезд жуасыз, әйтеуір бір пайдалы іс жасайсыз. Солай жасайсыз да, кестеге белгілеп отырасыз.

Бұл не үшін?

Адам өзі қиналған кезде, өзі бірдеңе істеген кезде, адам өзінен ақшасы кеткен кезде, өзінің уақыты, еңбек кеткен кезде адамның миы өте қатты шокқа түседі екен. «Неге мен?» дегендей, тіпті садақаны да бере алмай жататыны, байығанда жасаймын деп кейінге қалдыратыны да осыдан. Ақшаны беруге өте қатты сараңдықтың болып жататыны, сол жаңағы адамнан бір ақша шығу- сол шок екен. Сондықтан қандай нәрсе жасайсыз, өз фантазияңызға қарап жасаңыз.
Берілген кестені толтыра отыру арқылы, әрбір ренжіткен адамды сатып алып, санамыздан алып тастаймыз. Ренжіген 7 адам болса жеті рет ренішіңізді өзіңізден сатып аласыз. Осылайша келесі жолы ренжитіндей ситуацияда миыңыз «стоп» деп тоқтатып отыратын болады. Тағы бір қызмет жасап я төлеп жүрермін деп миыңыз шегінетін болады. Әрбір өкпе-реншіке ақша төлеу керек боласыз, ал төлемеудің жолы ренжімеу деп миыңыз жол көрсететін болады.

Құралай ханым