Get Mystery Box with random crypto!

«Идеал күн» техникасы Бұл техника 1 жылдан кейінгі идеал кү | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

«Идеал күн» техникасы

Бұл техника 1 жылдан кейінгі идеал күнгі сәтіңізді суреттеу арқылы жүзеге асады.

Мысалы, бүгін 15 қараша 2022 жыл болса, дәл осы күнмен 15 қараша 2023 жыл деп келесі жылғы идеал күнімізді жазу керек. Бұл жерге өз өміріңіздегі идеал күніңіздің сценариін жазасыз. Сценарий дегенде сол күнде болатын, болсын деген сәттеріңізді қалаған дүниеңізді детальдарына дейін мән беріп, жазу. Бір жылдан соң оянғанда қандай сәттесіз, күндіз қандайсыз, кешке қандайсыз, отбасыңыз ,еліміз аман, жұртымызда тыныштық, деніміз сау сол сияқты жүрегіңізбен барлық жақсылықты, барлық арманды,ОСЫ  ШАҚТА жазып бастаңыз.  Ары қарай толық сол идеал күніңізді сипаттаңыз:

• Үстіңізде қандай киім,
• елде қандай жаңалық,
• қазіргі кризис, індет жоқ, бәрі өтіп кеткен,
• қандай пәтердесіз,
• нені армандайсыз,
• астыңызда қандай көлік,
• отбасыңызбен қандай таңғы ас ішесіз
• жақындарыңыз, бауырларыңыз бүтін, дені сау, қонақта жүргенін өз қалауларыңызша сипаттап сценарий жазып шығыңыз. Толық Алладан үміт етіп сеніп, жүрегіңіздегі махаббатпен жазсаңыздар екен.

Идеал күнді сипаттау арқылы сол күнге деген үмітті оятып, өзімізге мотивация береміз. Барлық эмоцияларды сезіну - сол күннің орындалуына сенім ұялатады.

«Идеал күн» техникасын жазғанда ОСЫ ШАҚПЕН жазу керек!!!


 Құралай ханым