Get Mystery Box with random crypto!

Көзқарас техникасы Бұл тәжірибе «жарыңа қайта ғашық болу жә | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Көзқарас техникасы

Бұл тәжірибе «жарыңа қайта ғашық болу және оған құмарлықты жандыру» техникасы үшін ғана емес, сонымен қатар келесі жағдайларға тап болған жұптар үшін де пайдалы болады:

- отбасылық өмірдегі дағдарыстар
- жыныстық шаршау
- бір-біріне деген қызғаныш
- шешілмейтін қақтығыстар
- және ерлі-зайыптылар арасындағы басқа да мәселелер

Әдемі музыканы қосыңыз, шамдарды аздап азайтыңыз. Жарыңызбен бір-біріңізге тізе қосып, қарама-қарсы малдас құрып отырыңыз. Таймерді екі минутқа қойып, бір-біріңіздің көзіңізге тіке қарап отырыңыз. Уақыт өткеннен кейін осы жаттығу кезінде қандай сезімдер мен ойлар пайда болғанын бір-біріңізге жан дүниеңізді ашып, сыр шертіп сөйлесіңіз.

Бұл жаттығуды орындайтын күндерді өзіңіз таңдап, әр уақытта бір-біріңізге тікелей қарау уақытын көбейтуге тырысыңыз. Жаттығу кезінде, сіз жыпылықтай аласыз, сөйлей алмайсыз. Бір-біріңе жақын болыңдар, жақындаңдар, сезініңдер, сеніңдер, сүйіңдер, ҚОШТАСУҒА АСЫҚПАҢДАР!