Get Mystery Box with random crypto!

КУРАЛАЙ ХАНЫМ (Instagram) Бақытжан Бұқарбай @barkorn деген з | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

КУРАЛАЙ ХАНЫМ (Instagram)

Бақытжан Бұқарбай @barkorn деген замандасымыз бар. Өзі шаршамайтын жан екен. Бірнеше кітаптың авторы, соның ішінде «Күміс кітабы» мыңдаған жастардың кітапқа деген құштарлығын оятты. Баспагер ретінде қазақ тілінде заманауи кітаптарды шығаруды бірінші болып қолға алды. Былтыр әлемге әйгілі Forbes журналын қазақша сөйлетті. Енді, міне, тарихымыздан сыр шертетін өте қажет деректі фильмді түсіріп жатыр екен.
«Үркін көш» киносы 1950-жылдары Шығыс Түркістаннан Түркияға қоныс аударған қазақтар туралы сыр шертеді. Бақытжан екі жыл бұрын қандастарымыз туралы «Аспантау асқан үркін көш» кітабын ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударған болатын. Бұл туындының ұлтымыздың санасын оятудағы маңызы зор. Замандасымыз мұнымен тоқтамай, Түркияға бірнеше рет барып, көште болған адамдарды тауып, олармен сұхбат жазып алыпты. Осы жолы да сапалы ...

View original post