Get Mystery Box with random crypto!

КУРАЛАЙ ХАНЫМ (Instagram) Онлайн заманның ұрпағы, карантинде | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

КУРАЛАЙ ХАНЫМ (Instagram)

Онлайн заманның ұрпағы, карантинде 1 сыныпқа барып, телефоннан әріп танып, құлағында қоңыраудың үні емес, масканың жібі қалған, біздің үйдің мажоригі, әпкелерінің еркесі, әкесінің серкесі, мамасы 1 тал ұл берші деп жалынып жүргенде, Алланың біреуін алсаң, екіншісін сыйға бере салам деген бонус бөпесі, атын қою мәртебесі алтыншы ұлда ғана мамасына бұйырған Талантымның да бүгін туған күні

Кішкентай кезімізде мамам: "Ана жұрттың балаларын қараңдаршы!"-деп көп ұрсатын

Өз балаларым болғанда:
- Иә, Аллам Менің балаларым әлгі мамам айтатын, ел қызығатын "жұрттың балалары" болсыншы!-деп көп сұрайтынмын

Талант туылмай тұрғанда, жастықпен мастықпен бұйырса 10 баламыз болады, туа алмасам асырап аламын деп ойлайтынмын.
Сол ойымның күл-талқанын, Талант міне 9 жыл бойы шығарып келеді.

Тілі шыққаннан: "Бұл үйде кенже мен боламын! Басқа бала тумаңдар!"-де...

View original post