Get Mystery Box with random crypto!

Сіздермен өте маңызды, бірақ қарапайым сөздермен жазылған ойла | ҚҰРАЛАЙ ХАНЫМ

Сіздермен өте маңызды, бірақ қарапайым сөздермен жазылған ойларыммен бөліскім келіп тұр!

Ішкі жан-дүниең нені қалайды, тек сонымен айналыс.

Өзің шын құшақтағың келетін адамдармен ғана аралас.

Сен өзіңнің кім екеніңді түсініп ал да, айналаңды сол түсінікке толтыруға тырыс.

Бақыт - фантазия, қиялдан басталады. Өзіңе ертегі құрастыр да, өмірің дәл өзіңнің қиялыңдағыдай болатындай етіп өмірді сүр.

Қуанышты жан - жай ғана осы өмірді сүю және әр нәрсеге таң қалатын кішкентай баладай болу. Әр күніңді қуанышпен, таңданыспен өткіз.

Нағыз қуаныш - ол себепсіз қуану.

Проблемалардың тізімін жасама, нәтижелердің тізімін жаса, өзіңе ең тамаша, қуанышты сәттерді жина, оларды толтыр.

Күнделікті жасап жүрген ісіңді қуанышқа, бақытқа айналдыр.

Мүмкін емес нәрселерді ғана жаса, себебі қалғандарын басқалар да жасайды.