Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықт | Qumar Aqsaqalov

Бүгін Ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтадым. Ауыл шаруашылығы жылын қорытындыладық. Агроөнеркәсіп кешенінде ғажайыптардың болмайтыны белгілі: әрбір көрсеткіштің артында шаруалардың тынымсыз еңбегі жатыр.

Солтүстікқазақстандық диқандар республика бойынша үздік деп айта аламыз. Бұл жай ғана мақтау сөздер емес, өйткені еліміздегі бидайдың 25 % бізде өседі. Майлы дақылдардың үштен бірі бізге тиесілі. СҚО  - жұмыртқа өндіру бойынша көш басында. Сүт өнімдерінің төрттен бірін жергілікті зауыттар өндіреді.  Бұл кездейсоқ емес. Жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Біз ел бойынша ауыл шаруашылығына ең көп инвестиция тартамыз. Жыл сайын өнімділігі жоғары техника алынып, тұқым жаңартылуда. Минералды тыңайтқыштарды ең көп енгізетін де біздің диқандар.

Мал шаруашылығында да жақсы жетістіктер бар. Қазірдің өзінде 22 сүт фермасын іске қостық, биыл тағы 17-сін салып жатырмыз, жыл соңына дейін 8-і ашылады. Екі құс фабрикасы іске қосылды, келесі жылы тағы біреуі жұмысын бастайды.

Осының арқасында 10 айда ауыл шаруашылығы өнімі алғаш рет 1 трлн. теңгеге жетті. Бұл – ауыл еңбеккерлерінің ерен еңбегінің жемісі. Мен ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлеріне қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамын. Мереке құтты болсын!



Сегодня поздравил аграриев
с профессиональным праздником – Днем работников сельского хозяйства! Подвели итоги сельскохозяйственного года. Общеизвестно, что в сельском хозяйстве чудес не бывает: за каждым показателем стоит ратный труд аграриев.

Североказахстанские аграрии - лучшие в республике. И это не просто пафосные слова, ведь 25% пшеницы страны выращивают именно у нас. Треть масличных культур также растут на наших полях. СКО - лидер по производству яиц. Четверть молочной продукции выпускают местные заводы. И это не случайность. Ведется системная работа в этом направлении. Мы больше всех по стране привлекаем агроинвестиций. Ежегодно приобретается высокопроизводительная техника, идёт сортообновление. Больше всех вносим минеральные удобрения.

Неплохие успехи есть и в животноводстве. Мы уже построили 22 молочные фермы, в этом году строим еще 17. До конца года запустим 8. Введены 2 птицефабрики, в следующем году заработает еще одна.

Благодаря всему этому, за 10 месяцев по объему  сельхозпродукции мы впервые перешагнули отметку в 1 трлн. тенге. Это результат кропотливой работы сельских тружеников. Выражаю благодарность всем работникам аграрного сектора за большой  и нелегкий труд на земле. С праздником!