Get Mystery Box with random crypto!

Қыс басталғалы Ақтөбе көшелерінен 210 мың текше метр қар шығар | ҚР ТЖМ | МЧС РК

Қыс басталғалы Ақтөбе көшелерінен 210 мың текше метр қар шығарылды
 
Өңір басшылығының тапсырмасымен Ақтөбеде су тасқынын болдырмау бойынша жедел шаралар қабылдануда.
 
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен танысты. Шанхай және Мәскеу ықшамаудандарының көшелерінде тәулік бойы қар шығару және еріген қар суын сору жұмыстары жүзеге асырылуда.
 
Мердігер ұйымдардың өкілдері Ералы Тоғжановқа жұмыстарға тартылған техника мен бригадалардың саны туралы баяндады.
 
Қазір күшейтілген режимде екі ауысымда қала көшелерінде 14 мердігер жұмыс істейді.
Жұмылдырылған арнайы техниканың саны 243 бірлікке дейін артты.
 
Жалпы, қыс басталғалы полигонға 210 мың текше метр қар шығарылды, 7 наурыздан бастап қала көшелерінен 17 мың текше метрге жуық еріген қар суы сорылды, 2 шақырым арық тазартылды.
 
Аралау қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов мердігерлерге алған міндеттемелерін сапалы орындауды тапсырды.
 
Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі