Get Mystery Box with random crypto!

Егер 2021 жылғы қазаннан бастап 2022 жылғы наурызға дейін МӘМС | QoldauINFO

Егер 2021 жылғы қазаннан бастап 2022 жылғы наурызға дейін МӘМС жарналары уақытша төленбеген болса, бірақ 2022 жылдың сәуір айынан бастап төлемдер қалпына келтірілген. Қазір мәртебем САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН. Мәртебем САҚТАНДЫРЫЛҒАН болып қашан өзгереді? Тіркеу орны бойынша емханаға жүгіну үшін мәртебемді қалай өзгертемін?

Сақтандырылған мәртебесін алу үшін қызметкерде соңғы 12 айда МӘМС жарналары бойынша берешек болмауы тиіс (МӘМС туралы ҚР Заңының 5-бабының 3-тармағы)

Сондықтан мәртебені алу үшін бірнеше қадамдарды орындау керек

Берешек кезеңдерін кез келген ыңғайлы тәсілмен тексере аласыз
•телеграм-бот (https://t.me/SaqtandyryBot)
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
МӘМС-ке жарна төлеу жүзеге асырылмаған кезеңдерді бөлу (пациентке жеңілдік санатында болған кезеңдеріне жарна төлеудің қажеті жоқ)
Өткізіп алған кезеңдерді дербес төлеуші ретінде (1 ЕТЖ-ның 5%) - 3000 теңге төлеу керек
Telegram
SaqtandyrýBot
Бот Қазақстан Республикасында міндетті медициналық сақтандыру туралы ақпарат алуға арналған

#мәмс #осмс #мәртебе #статус #мәртебе #жарна #взносы