Get Mystery Box with random crypto!

Ешқашан Генаның бойын күтіп, қызықтап, алаңдап, жеңсе ғой деге | Парадокс

Ешқашан Генаның бойын күтіп, қызықтап, алаңдап, жеңсе ғой деген адамдардан емеспін. Көбі ойлағандай бокс кеші елдің, ұлттың атын шығару үшін емес АҚША үшін өткізіледі. Гена үшін де, Канело үшін де басты мақсат жеңу емес, басты мақсат ақша табу. Және мүмкіндігінше көбірек табу. Көбірек табу үшін не істеу керек?
Көп адам тарту керек, шоу жасау керек. Қазір бәріңіз білетін прогрев деген бар ғой. Мықты манипуляциялық құрал. Ақша табудың психологиялық жолы. Интрига тудырып, назар аудартып сананы жаулап алудың жолы. Маркетологтар жақсы біледі: НАЗАР = АҚША.

Көп адамның назарын аудару = көп ақша табу.

Көп ақша жүрген жерде әділет, адалдық, ұлтты жақсы көру деген сияқты асыл қасиеттер бетперде қызметін ғана атқарады.
Бұл не себепті ұнатпайтынымның бірінші себебі.

Екінші себеп: букмекерлік кеңселер. Дәл осы мәселеден қоғамда зардап шеккен жандар жетіп артылады. Ажырасқан отбасылар, жетім бала мен жесір әйел, ашынған аналар, балаларының нәпақасын аузынан жырып ставка тігіп қадалып қалған жігіттер. Мұндай шоулардың артында қаншама көз жасы, ойрандалған отбасы жатыр. Ендеше ол жерде жақсылық болуы мүмкін бе? Дәл қазір сұрастырып көріңізші Генаға ақша тігіп қадалып қалған қанша адам бар маңайыңызда? Ашық айтпайтын шығар, бірақ сол ақшаны игі іске жұмсаса, отбасына жылы-жұмсағын алса, не кітап алса ғанибет болар еді ғой.

Елітіп, еліктіріп әкететін шоуларға еріп кеткенің сенің еркін екендігіңді білдіре ме? Осы туралы бір ойланып көріңіз. Абайдың "тобыр" атаған тобының артынан еріп кетпедіңіз бе?

Саналы азаматсың ғой артында қаншама көз жасы жатқан, ойрандалған отбасы жатқан, санаңды шырмап, уақытыңды ұрлап жатқан, миллиондаған доллар үшін төбелесіп жатқан шоуды қарау, қаншалықты дұрыс болмақ?

Қатты айтсам кешірім сұраймын. Бірақ ескерту қажет шығар. Тереңінен ойлансын деген ниетім. Менің оқырмандарым сапалы екенін білемін, сондықтан түсінесіздер деген ойдамын.