Get Mystery Box with random crypto!

Трейдинг дегеннің бір қызық жері бар. Әлемдік жаңалықтарды қар | Парадокс

Трейдинг дегеннің бір қызық жері бар. Әлемдік жаңалықтарды қарап отыру керексің. Кешке таман Англия королевасы ауыр науқас екен деген хабар шықты. Әрине трейдерлер іштен тынды не болады екен деп? Акцияларға, биржаға ол да өз әсерін тигізуі ықтимал. Мысалы Лондон қор биржасы біраз уақытқа жабылуы мүмкін. Қаралы жағдай болғандықтан. Ол криптовалютаға да өз әсерін тигізеді.

Жаңа біразда қайтыс болды деген хабар келді. Алдынан жарылқасын дейміз енді. 70 жыл королева болу оңай емес қой)

Тайвань мен Қытай, АҚШ пен Қытай, Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас, әртүрлі жағдайлар т.б халыкаралық деңгейдегі жаңалықтар акцияларға, криптовалютаға әсер ететіндіктен трейдерлер үшін қылт еткен жаңалық маңызды. Кейде ойлайсың не керегі бар соның деп)