Get Mystery Box with random crypto!

QAZSPORTTV

Telegram арнасының логотипі qazsporttv — QAZSPORTTV Q
Telegram арнасының логотипі qazsporttv — QAZSPORTTV
Арна мекенжайы: @qazsporttv
Санаттар: Ойын-сауықтар , Спорт
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 19.85K
Арнадан сипаттама

qazsporttv.kz

Ratings & Reviews

4.00

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

2

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 7

2022-08-01 06:35:02
Футболдан Әйелдер арасындағы Еуропа Чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалдық ойында жарыс қожайындары Англия және жарыстың басты фавориті саналған Германия кездескен болатын. Тартысты өткен кездесуде англиялық арулар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Англия өз жерінде өткен Еуропа біріншілігінде алғаш рет жеңіске жетсе, Германия құрамасы финалда алғаш рет жеңілді.
1.3K viewsqazsporttvkzbot, 03:35
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 06:00:21
Италия жерінде өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жастар арасында күрес түрлерінен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын жүлде түсті.

92 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Камиль Куруглиев финалда венгриялық қарсыласын айқын басымдықпен (11:0) жеңіп, жарыс жеңімпазы болды.

 Жарайсың Камиль!

Осыған дейін Әлем чемпионатының алтын жүлдесін Дарын Әскербек (55 келі) еншілеген.
1.3K viewsqazsporttvkzbot, 03:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 04:00:02
 Қайырлы таң көрермен! Бүгінгі эфир кестесі:
07:00 – Әнұран
07:05 – ФУТБОЛ. OLIMPBET- Қазақстан Кубогы. «Ақсу» - «Қайрат»
09:10 – ФУТБОЛ. УЕФА Еуропа мен Конференция Лигасының журналы
10:00 – ДНЕВНИК. «SUPER BOL!». 15 выпуск
10:20 – ВОЛЕЙБОЛ. Ұлттық Лига. «Алтай-2» - «Жетісу-2» (Әйелдер). 1 тур
12:50 – «PRO HOCKEY». 1 выпуск
13:25 – Көркем гимнастикадан ҚР Чемпионаты. 1-күн
16:30 – «SUPER BOL!». 4 выпуск
17:20 – «QAZAQ STYLE». 1 бөлім
17:55 – «C VOLLEY К ПОБЕДЕ». 2 сезон. 3 выпуск
18:20 – ВОЛЕЙБОЛ. Ұлттық Лига. «Маңғыстау» - «Есіл» (Ерлер). 1 тур
20:25 – «SPORT REVIEW». Апталық-сараптамалық бағдарламасы
21:05 – «PRO HOCKEY». 1 шығарылым
21:40 – ДНЕВНИК. «SUPER BOL!». 15 выпуск
22:00 – ММА «OCTAGON 31»
01:40 – ФУТБОЛ. УЕФА Чемпиондар Лигасының шолуы
02:30 – Әнұран
1.3K viewsqazsporttvkzbot, 01:00
Ашу / Түсініктеме
2022-08-01 02:46:11
Дзюдодан Азия чемпионатына қатысуға Жапонияның жұлдызды құрамасы елордаға келді

Азия чемпионаты 4-7 тамыз күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Жапония құрамасынан жарысқа екі Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, алты Әлем чемпионы және жүлдегерлері қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Азия чемпионатында бақ сынайтын Тайпей құрамасының дзюдошылары да елордаға жетті. Құраманы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ян Юнвей бастап келді.

Естеріңізге сала кетейік, сары құрлықтың кіл мықтысы бақ сынайтын жарысты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады.

@kaz_judoteam
1.4K viewsFarhat Qanaly, 23:46
Ашу / Түсініктеме
2022-07-31 15:57:58
Футбол. Әйелдер

Еуропа Чемпионаты. Финал

Бүгін 21:50 LIVE

Англия - Германия

«Qazsport» телеарнасында

Қай құрамаға жанкүйер боласыз?
1.6K viewsAbilmansur Qamzaev, 12:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 11:44:49
ММА

«OCTAGON 33»

Бүгін 17:00 LIVE

«Qazsport» телеарнасында

Өткізіп алмаңыз!
471 viewsqazsporttvkzbot, edited  08:44
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 09:48:37
 Қостанайлық «Тобыл» УЕФА Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде босниялық «Зриньски» футбол клубымен кездеседі.

 Алғашқы ойын 4 тамыз күні Босния жерінде жоспарланған. Қарымта матч 11 тамыз күні Қостанай қаласында өтеді.

«Тобыл» Конференция Лигасының топтық кезеңіне өте ме?
902 viewsqazsporttvkzbot, 06:48
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:50:28
Бүгін аралас жекпе-жек өкілдері Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында бас қосады

Көрермен асыға күткен жарыстың баспасөз мәслихатына әріптесіміз Руслан Бақытжан арнайы қатысты.

ММА «Octagon 33» жекпе-жектерін бүгін сағат 17:00-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.
984 viewsFarhat Qanaly, edited  05:50
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 08:25:05
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері София Берульцеваның арнамызға берген эксклюзивті сұхбатын ертең сағат 19:00-де өткізіп алмаңыз!
1.0K viewsAbilmansur Qamzaev, 05:25
Ашу / Түсініктеме
2022-07-29 07:28:08
 Италия астанасы Римде өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

 Әйелдер күресінен 73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Алина Ертөстік АҚШ спортшысын жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.

 Бұл Әлем Чемпионатындағы Қазақстан құрамасының үшінші қола жүлдесі. Осыған дейін грек-рим күресінен Арсен Жұма және Юсуф Ашрапов Әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.
1.1K viewsqazsporttvkzbot, edited  04:28
Ашу / Түсініктеме