Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен жолдастық матч өткіз | QAZSPORTTV

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен жолдастық матч өткізеді

Екіжақты келіссөздер аяқталып, УЕФА бұл ойынның өтуіне рұқсат берді.

Ойын 4 маусымда Скопье қаласының "Тоше Проески" атындағы аренада өтеді.

Айта кетуіміз керек, Солтүстік Македония мен Қазақстан ұлттық құрамалары осы кезге дейін ешқандай кездесу өткізбеген. Солтүстік Македония құрамасы Еуропаның 11 қаласында өтетін Еуро-2020 додасында өнер көрсетеді.

Қазіргі құрамнан Горан Пандев, Энис Барди және Эзган Алиоски сияқты футболшыларды бөліп көрсетуге болады.

Ал, сіз қарсыласты қалай бағалайсыз?