Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан спортшылары Токио олимпиадасына 53 жолдама жеңіп алд | QAZSPORTTV

Қазақстан спортшылары Токио олимпиадасына 53 жолдама жеңіп алды

Токиода өтуі тиіс жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары ел намысын спорттың 30 түрінен қорғайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі есептік кездесуінде айтты.

«Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, ұлттық құрама командалардың спортшыларын Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарына дайындау үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Ұлттық құрама спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Бүгінгі таңда спорттың 22 түрінен 53 лицензия жеңіп алдық», - деді министр.

Пандемияға байланысты 2020 жылдың тамызында өтуі тиіс Токио олимпиадасы кейінге қалдырылған болатын.

@qazaqstantv