Get Mystery Box with random crypto!

21 мамыр мен 1 маусым аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің | QAZSPORTTV

21 мамыр мен 1 маусым аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Сары құрлық сынына қатысатын Қазақстан командасының құрамын назарларыңызға ұсынамыз:

49 келі: Даниял Сәбит
52 келі: Сәкен Бибосынов
56 келі: Сабырхан Махмұд
60 келі: Серік Теміржанов
64 келі: Закир Сафиуллин
69 келі: Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Әбілхан Аманқұл
81 келі: Бекзад Нұрдәулетов
91 келі: Василий Левит
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Еске сала кетейік, бокстан Азия чемпионаты Үндістанның Нью-Дели қаласында өтуі тиіс еді. Алайда, аталған елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біріншілік Дубайға ауыстырылды.

@olympickz