Get Mystery Box with random crypto!

Ригада өтетін хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан | QAZSPORTTV

Ригада өтетін хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншылар құрамы белгілі болды.

Тізімге 28 хоккейші енді:

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Андрей Шутов, Никита Бояркин;
Қорғаушылар: Даррен Диц, Алексей Маклюков, Иван Степаненко, Джесси Блэкер, Виктор Сведберг, Егор Шалапов, Самат Данияр, Валерий Орехов, Кирилл Полохов;

Шабуылшылар: Роман Старченко, Евгений Рымарев, Антон Сагадеев, Павел Акользин, Александр Шин, Саян Данияр, Алихан Асетов, Дмитрий Шевченко, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Дмитрий Гурков, Кертис Волк, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Артем Лихотников, Егор Петухов;

Бас бапкер: Юрий Михайлис

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында В тобында Канада, АҚШ, Латвия, Финляндия, Германия, Норвегия, Италия командаларымен ойнайды. 1/4 финалға шығу үшін үздік төрттікке ену керек.

«QAZSPORT» телеарнасы ӘЧ матчтарын тікелей эфирде көрсететінін естеріңізге саламыз.