Get Mystery Box with random crypto!

 Нью-Йорк (АҚШ) қаласында осы маусымдағы соңғы «Grand Slam» ту | QAZSPORTTV

 Нью-Йорк (АҚШ) қаласында осы маусымдағы соңғы «Grand Slam» турнирі «US Open» жарысы басталды. Сенсацияға толы әйелдер арнасындағы жарыста Юлия Путинцева турнирдің екінші айналымына шықты.

 Әлемнің 24-ші ракеткасы, Аманда Анисимованы (АҚШ) 1 сағат 19 минут ішінде 6:3, 6:3 есебімен жееңген Юлия келесі кезеңде неміс теннисшісі Юле Нимайермен кездеседі.

 Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда әлемнің 131-ші ракеткасы Клара Бюрельге (Франция) 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп, жарыс жолын аяқтады.

 Сонымен қатар, ерлер арасында Александр Бублик француз теннисшісі Хьюго Гастонды үш сетте: 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, «Grand Slam» жарысының екінші кезеңінде испаниялық Пабло Кареньо-Бустамен жолығады.