Get Mystery Box with random crypto!

Дзюдодан Азия чемпионатына қатысуға Жапонияның жұлдызды құрама | QAZSPORTTV

Дзюдодан Азия чемпионатына қатысуға Жапонияның жұлдызды құрамасы елордаға келді

Азия чемпионаты 4-7 тамыз күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Жапония құрамасынан жарысқа екі Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, алты Әлем чемпионы және жүлдегерлері қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Азия чемпионатында бақ сынайтын Тайпей құрамасының дзюдошылары да елордаға жетті. Құраманы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ян Юнвей бастап келді.

Естеріңізге сала кетейік, сары құрлықтың кіл мықтысы бақ сынайтын жарысты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады.

@kaz_judoteam