Get Mystery Box with random crypto!

 Дания жерінде өткен «FIFA 22 Nations Cup» жарысына қатысқан Қ | QAZSPORTTV

 Дания жерінде өткен «FIFA 22 Nations Cup» жарысына қатысқан Қазақстан құрамасы топтық кезеңде бесінші орын алды.

 Екі күнге созылған топтық кезең барысында Aka_Nolito және Zhasik 10 ойында төмендегідей нәтижеге қол жеткізді: екі жеңіс, үш тең ойын, бес жеңіліс. Жігіттер бұл жарысқа алғаш рет қатысқанын айта кетейік.

 Екінші күннің нәтижелері:

 Қазақстан 1:0 Испания 
 Канада 0:3 Қазақстан 
 Қазақстан 1:2 Португалия 
 ИЗРАИЛЬ 2:2 Қазақстан 
 Оңтүстік Корея 2:2 Қазақстан 

Ойын ҚФФ YouTube арнасында тікелей эфирде жүрді. Қазақстан құрамасының барлық ойындарын арнамыздың комментаторлары: Дәулет Сейітбек және Дмитрий Нестеренко жүргізді.