Get Mystery Box with random crypto!

 Англияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы Еуропа Чемпионатында | QAZSPORTTV

 Англияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы Еуропа Чемпионатында финалға шыққан қос команда белгілі болды.

 Жарыстың басты фавориті саналған Германия құрамасы, Франция аруларын 2:1 есебімен жеңіп, өз тарихында тоғызыншы рет ЕУРО-2022 финалына жолдама алды.

 Ақтық ойында жарыс қожайындары Англия мен Германия кездеседі. Финал 31 шілде күні сағат 21:50-де Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында өтеді.

 Еуропа біріншілігінің финалын «Qazsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

 Германия арулары осыған дейінгі ұйымдастырылған 13 Еуропа Чемпионатында 8 мәрте жеңіске жеткен.