Get Mystery Box with random crypto!

 Англия жерінде өтіп жатқан әйелдер арасындағы Еуропа біріншіл | QAZSPORTTV

 Англия жерінде өтіп жатқан әйелдер арасындағы Еуропа біріншілігінде алаң қожайындары футбол бәсекесінің финалына алғаш болып жолдама алды.

 Жартылай финалдық кездесуде Сарина Вигман шәкірттері жарыстың басты сенсациясы Швеция құрамасын 4:0 есебімен жеңді.

 Осыған дейін, Англия құрамасы 1984 және 2009 жылы турнирдің финалында өнер көрсетіп, екі мәрте жеңілген.

 Екінші жартылай финалдық кезедсуде турнирдің басты фавориті саналатын Германия құрамасы Франциямен финалдық жолдаманы сарапқа салады.

 Кездесу елорда уақытымен сағат 00:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде болады.