Get Mystery Box with random crypto!

 УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта о | QAZSPORTTV

 УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны аясында «Виктория» (Гибралтар) стадионында жергілікті «Линкольн Ред Импс» қазақстандық «Тобыл» футбол клубын қабылдайды.

 Қостанай қаласында өткен алғашқы ойында қазақстандық клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен.

 Ойын бүгін елорда уақытымен 21:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

28 шілде, бейсенбі күні «Астана» футбол клубы өз алаңында «Ракув» командасын қабылдайды.

 Польша жерінде өткен алғашқы ойында қарсылас пайдасына 5:0 есебі тіркелген болатын.

 Бұл ойын жергілікті уақыт бойынша 20:50-де арнамыздың тікелей эфирінде басталады.

Алматылық «Қайрат» өз алаңында кеткен есені «Кишварда» командасынан қайтаруға тырысады.

 Алматыда өткен алғашқы ойында венгриялық команда 1:0 есебімен басым түскен болатын.

 Бұл ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00-де qazsporttv.kz сайтында басталып, «Астана» - «Ракув» арасындағы ойын аяқталған соң арна эфиріне ауысатынын хабарлаймыз.

 Петропавлдық «Қызыл-Жар» Хорватияда «Осиек» футбол клубына қарсы ойнайды.

 21 шілде күні өткен алғашқы ойында хорватиялық ұжым 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

 Ойынды елорда уақыты бойынша 00:20-да «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.