Get Mystery Box with random crypto!

Абаев, мұнда «Базз Лайтерден» де маңызды мәселе бар «Қайрат» | Сөз:

Абаев, мұнда «Базз Лайтерден» де маңызды мәселе бар

«Қайрат» футбол клубының жүргізушісі Әділет Бисариев қазақ тілінде хабар таратқаны үшін командадағы жұмысынан босатылған. Мұны ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Жұмыстан босатылуына футбол клубының демеушісі 1Xbet букмекер компаниясының шағымы себеп болған. Мұны жүргізушіге «Қайраттың» бас директоры Асқар Есімов айтқан. Әділеттің сөзінше, шағымда «одиниксбет» сөзінің орнына «уаниксбет» қолданғаны да айтылған.

Ол 1Xbet өкілдерімен де сөйлескен. Компания қызметкері «Ты ведешь на тойском», «Что такое Әп бәрекелді?» деп айтқан. Әділет бұл жағдайды қазақ тіліне қыспақ дейді.

Сонымен қатар жүргізуші жұмыс кезіндегі қазақ тіліне қатысты мәселелердің бар екенін айтты. Әділет іс-шараларда қазақша сценарий мүлдем алмағанын, ойындарда қазақша әндер қосылмайтынын айтады. Әділеттің сөзінше, «Қайрат» командасы өзін халық командасы деп таныстырғанымен, қазақ тілін менсінбейді.