Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда бірінші рет Хаяо Миядзакидің танымал туындысы қаза | Сөз:

Қазақстанда бірінші рет Хаяо Миядзакидің танымал туындысы қазақша дыбысталды

Dopamine Voice әуесқой тобы «Хаулдың Жаяу Қамалы» атты толық метражды анимені қазақша дубляждады. Айтуларынша, аударма, дыбыстау мен монтажға шамамен 1,5 ай уақыт жұмсалған.

Бұған дейін олар Титандар шайқасы мен «Сенің есімің» сияқты анимелерді қазақшалаған. Әлжелідегі парақшасында қазақша дыбысталған анимелерден қысқа үзінділер жариялайды.

Жалпы Dopamine Voice деген кімдер және олар не істейтіні туралы былтыр жазғанбыз. Толығырақ мына сілтемеде.

фото: @dopaminevoice