Get Mystery Box with random crypto!

Сөз: Самарқау үстеу / сын есім 1. Жай, баяу, марғау, мимырт; | Сөз:

Сөз: Самарқау
үстеу / сын есім

1. Жай, баяу, марғау, мимырт;
2. Көңілсіз, немқұрайды, сүле, керенау
-
1. Медлденно, нерасторопно, спокойно;
2. Равнодушно, безразлично, халатно


Шалғынды бір беткейде, самарқау жел сусылдап есе түскенде, мұрын жарғандай боп, жас бүлдірген иісі аңқиды.
М.Әуезов, Абай жолы: 3 том

Доктор Ехластың сөзін Хакім самарқау тыңдады.
X.Есенжанов, Ақ Жайық

Жүрегім менің - жанартау,
Жалын боп шығар от-демім.
Келем деп қамсыз, самарқау,
Өртеніп, қалқам, кетпегін.
М.Мақатаев, Жүрегім менің - жанартау

Бақыттың мінез-құлқы ерте есейген-ау, дүниенің бәріне самарқау, салқын қарайды.
О.Бөкей, Қамшыгер

Дереккөз 1; Дереккөз 2