Get Mystery Box with random crypto!

Мата атаулары | 2-бөлім --- 1. ЖІБЕК, МАНАТ, БИҚАСАП Виды шел | Сөз:

Мата атаулары | 2-бөлім

---
1. ЖІБЕК, МАНАТ, БИҚАСАП
Виды шелка

Тегеріші манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге де кірер ме екенсің?
Дулат Бабатайұлы, О, Ақтан жас, Ақтан жас

Биқасап шапанын жамылып <...> табалдырықтан аттады.
Ж.Аймауытов, Ақбілек

---
2. ДҮРИЯ, БАТСАЙЫ, ШАҒИ
Виды шелка

Оның iшiнде келiнге жасау тiгiлетiн батсайы, мақпал, манат, дүрия, шағи бөлек салынған.
М.Әуезов, Абай жолы: 1 том

---
3. МАҚПАЛ, БАРҚЫТ
Бархат

Ұлықтар отыратын екі биік стол қатар қойылын, үстіне алалы мақпал жабылыпты.
М.Әуезов, Абай жолы: 3 том

<...> қыпша беліне мықынын оя тіккен қызыл барқыт оқалы пешпенті жарасып-ақ тұр.
І.Есенберлин, Көшпенділер: Қаһар

---
4. СӘТЕН, ЛӘМБӨК
Сатин

Оң жақта темір кереует үстінде, аспан түстес көк сәтенмен тысталған үш жастық.
Ғ.Мұстафин, Өмір не өлім

Жылтырақ жамылғаны қара ләмбөк,
Басында селкілдейді ноғай телпек.
X.Ерғалиев, Көбік шашқан

---
5. БӘТЕС
Батист

Алтынайға ақ бәтес көйлек, жасыл жеңсіз де пайда бола бастады.
Ж.Аймауытов, Ақбілек