Get Mystery Box with random crypto!

Сөз: Далда зат есім 1. Қағаберіс, ық; 2. Қалқа, таса, көлбеге | Сөз:

Сөз: Далда
зат есім

1. Қағаберіс, ық; 2. Қалқа, таса, көлбегей.
-
1. Укромное место, сторона, бок; 2. Укрытие, защита, опора.
-
1. Сирек талдың арасына шала жасырынып, далдалап тұрып, Ербол қыстауы жаққа көз тастады.
(М.Әуезов, Абай жолы: 1 том)

2. Мұқаш қаттырақ аяңдап, қораның далдасына түсуге асықса да, шекпенін жамылып, аяғының басына кебіс іліп, дәретке шыққан молданың бір көзін жұмып, сығырая қарауынан құтыла алмады.
(Ж.Аймауытов, Ақбілек)

3. Шоқанды әке-шешесі де, Уәлінің өзге ұрпақтары да кішкене күнінен далдалатып ерке ғып өсірген.
(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

4. Бір серейген жартастан келіп Сарманқұл далда тапқандай отыра қалып, дүрбісін қолына алды.
(С.Бегалин, Уақыт кезеңдері)

5. Киіз үй, шатыр дегенді білмейді, тоқтаған жерінде ағаш қиып, салдау көтеріп, күрке тігеді, онысын бұтақпен, қабықпен қамсап, далда жасайды.
(М.Мағауин, Шыңғысхан)

Дереккөз 1; Дереккөз 2