Get Mystery Box with random crypto!

Ескендір Хасанғалиев Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді 81 ж | Жаңалықтар 🇰🇿

Ескендір Хасанғалиев Алматыдағы Кеңсай зиратына
жерленді

81 жасында дүние салған Халық әртісі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді. Қоштасу рәсімі композитордың өз шаңырағында өтті деп хабарлайды "Астана" арнасы. Жиналғандар өнер иесін ақтық сапарға "Атамекен" әнімен шығарып салды. Еске салайық, әйгілі сазгер өткен жұма күні, ауруханада көз жұмған еді.

Ескендір Өтегенұлы – лирикалық баритон, композитор, музыкант, Қазақ КСР-ның Халық әртісі және Қазақстанның мемлекеттің сыйлығының иегері.

Оның "Атамекен", "Анаға сәлем" "Әдемі-ау", "Асыл арман" секілді әндері тыңдармандар жүрегінің төрінен орын алды. Біртуар тұлға, қазақ өнерінің мэтрі, ардақты азамат Ескендір Хасанғалиев әр қазақтың жүрегінде естелік боп қалды.