Get Mystery Box with random crypto!

Әлеуметтік желіде Шонжы ауылының маңында өртенген көліктің вид | 💎

Әлеуметтік желіде Шонжы ауылының маңында өртенген көліктің видеосы пайда болды. Бұған қатысты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жол апаты бүгін таңғы сағат онда Ұйғыр ауданындағы Шонжы-Ақсу-Ұзынтам тас жолының 3 шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Audi мен Nissan көліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Соның салдарынан көліктер өртке оранған. Екі жүргізушінің де оқиға орнында қаза тапқаны белгілі болды. Олардан бөлек жапон көлігінің жолаушысы да қайтыс болды. Тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмды, ал 5 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр.