Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда 2021 жылы үшінші тоқсанда | 💎

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда 2021 жылы үшінші тоқсанда орташа жалақы қанша болғанын хабарлады.

Республика бойынша ең жоғары орташа жалақыны қай саланың мамандары алады

Елдегі ең жоғары орташа айлық жалақы - 501 000 теңгені тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласының қызметкерлері алады, бұл орташа республикалық деңгейден екі есе көп.

Қаржы және сақтандыру секторындағы орташа жалақы 452 800 теңгені құрады. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 369 500 теңге, ал ақпарат және байланыс саласында – 331 100 теңге болған. Ал орташа айлық жалақының ең төменгі деңгейі сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және көму, ластануды жою жөніндегі қызмет салаларында – 154,9 мың теңге болса, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 167,5 мың теңгені құраған.