Get Mystery Box with random crypto!

Жалпы купертинолықтар этиканың сұр зонасындағы әрекеттерді көп | Kazakh in Cardiff (I was)

Жалпы купертинолықтар этиканың сұр зонасындағы әрекеттерді көп жасайды. Мысалы, тағы бір сериалында бүкіл кейіпкер айфон ұстайды, онысы мақұл ғой. Бірақ андроид ұстайтын жалғыз адам оңбаған қылмыскер боп шығады.

Одан бөлек эппл басқа студиялар түсірген киноларда жауыз кейіпкерлердің айфон ұстауына рұқсат бермейді екен. Мысалы Knives Out шытырман фильмінде фильм бойы андроид ұстаған кейіпкер - бәрін бүлдіріп жүрген адам. Кейбір көрермендер тіпті фильм басынан спойлер боп қалды деп шағым жасаған. Өйткені, әпілдің бұл саясаты бүкіл киносүйер қауымға аян.

Сіздер қалай ойлайсыздар, үлкен брендтер осылай медиада соғысып жүргені дұрыс әрекет пе, әлде бұларға жараспайтын баланың ойыны ма. Кезінде бізде де "Kcell рекомендует Tele2" деген шу болған еді. Одан кейін екі бәсекелес компанияның сөз жарыстырғаны есімде жоқ