Get Mystery Box with random crypto!

Бұл канал оқырмандары мені негізі тек программист ретінде тани | Kazakh in Cardiff (I was)

Бұл канал оқырмандары мені негізі тек программист ретінде таниды.

Бірақ маған қатты ұнайтын тағы бір дүние - білетін ақпаратты өзгеге үйрету, бөлісу. Төрт жыл бұрын nFactorial Incubator мектебінде 60 шақты айтишникке оқып жүрген студенттерге андроид апп жасауды үйреткенім бар-ды. Сол кезде бір рахаттанып жұмыс жасағам, ол кез оффлайн заманы еді. Қазір онлайнда сондай оқытуды қайта бастасам деген ой бар.

ЖұмысБар жобасымен бірігіп үш айлық онлайн курс бастап жатырқ. Не курс, не оқытамыз, не білу керек, андроид жасау кімге керек, бағасы қанша деген сияқты сұрақтарға бүгін онлайн вебинарда жауап береміз. Егер қызық болса, тіркелсеңіз болады.

https://jumysbar.kz/android-qaz-webinar