Get Mystery Box with random crypto!

Конституциялық сот туралы: Қазақстан әлемде ең кең тарған тиім | Qazaqstan.tv

Конституциялық сот туралы: Қазақстан әлемде ең кең тарған тиімді модельді таңдап отыр - Бақыт Нұрмұханов

«Конституциялық кеңесті Конституциялық сотқа айналдыру бастамасын
ерекше атап өткім келеді. Конституциялық сот төрелігі бойынша дүниежүзілік қауымдастыққа мүше 118 елдің 70-інде Конституциялық сот құрылған. 12 мемлекетте Конституциялық кеңес жұмыс істейді. Қалғандарында бұл фунцияны жоғарғы сот немесе басқа органдар жүзеге асырады. Осы орайда Қазақстан әлемде ең кең тарған тиімді модельді таңдап отыр», - деді Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов.

Оның сөзінше, осы уақытқа дейін қазақстандықтар Конституциялық кеңеске тек сот арқылы жүгінетін. Енді Конституциялық сотқа тікелей жүгіне алады.